Қазақстанда жаңа төрт партия пайда болуы мүмкін
325
Әділет министрі Қанат Мусин 2019 жылдан бері партия құрғысы келген 10 бастамашыл топтың төртеуінің ғана өтінімі қаралып жатқанын мәлім етті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Министр бүгінгі таңда Әділет министрлігі 4 партияның өтінімі қаралып жатқанын атап өтті.
Министр өз сөзінде хабарландырудан кейін бастамашыл топтардың ішінде адамдарды ЖСН бойынша тексеріледі.
«2019 жылдан бері 10 бастамашыл топ саяси партия тіркеу жөнінде өтінім берген. Олардың ішінде үшеуі бірінші сатыдан өтті. Олар хабарландыру алды. 2 партия мақұлдау алғаннан кейін партия құру жұмысын ары қарай жалғастырған жоқ. Тиісінше партияны тіркеу туралы құжатты одан ары ұсынбады», - деді Қанат Мусин Орталық коммунициялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Министр бүгінгі таңда Әділет министрлігі 4 партияның өтінімі қаралып жатқанын атап өтті.
«Олар - Ел тірегі. Одан кейін - Халық дербестігі. Ол екінші кезеңнен өтті. Олар өз съезін өткізді. Ендігі кезекте заң бойынша өзінің 20 мың үміткерінің тізімін беруі керек. Қазір заң бойынша оларды тіркеу мәселесі тоқтатылды. Саяси партия мүшелерінің заңға сәйкес мүшелігі тексеріліп жатыр. Сол себепті бұл процес жүріп жатыр. Ел тірегі, Намыс, Бәйтерек бастамашыл топтары бірінші сатыда тұр», - деді Қанат Мусин.
Министр өз сөзінде хабарландырудан кейін бастамашыл топтардың ішінде адамдарды ЖСН бойынша тексеріледі.
«Бастамашыл топтың құрамындағы мүшелердің ішінде (1000 адам болуы керек) ЖСН-ы аты тегіне сай еместері, тіпті өлген адамдар да, басқа партиялардың мүшелері де бар болып шықты. Заң бойынша азамат бір ғана партияға мүше бола алады. Әрине, ол адамдар партия құру тізімінен шығады. Осы заңбұзушылықтарды түзеуге болады. Осыдан кейін бастамашыл топтар құжат өткізіп, ары қарай сатылардан өте алады», - деп түйді министр.