Елбасы тарихты бұрмалауға жол бермеу керегін айтты

2 504

Фото:© Ақорда баспасөз қызметіПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев дайындалып жатқан Қазақстанның академиялық тарихында алғаш рет Алтын Ордаға арналған жеке том шығатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан қазір Жошы Ұлысының мұрасын зерттеу және насихаттау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп жатыр.Тоқаевтың бастамасымен елде Жошы Ұлысын зерттейтін институт құрылған. Бұл осы бағыттағы алғашқы мамандандырылған ғылыми мекеме.

“Алтын Орданың мұрасы шексіз”, – деді президент.

Тоқаев шетелдік ғалымдар мен мамандарды тартып, Алтын Ордаға арналған ауқымды халықаралық баспа жобасын іске қосуды ұсынды. Оған қоса президент Алтын Орда тарихы әлемдік жылнамадағы күрделі әрі көпқырлы кезең ретінде қарастырылатынын мәлімдеді.

“Алтын Орда тарихи кезеңін жеңілдетіп түсіндіруге болмайды. Мұндай көзқарас әлем тарихындағы ерекше құбылысты біржақты қабылдауға әкеліп, тарихи қателіктерге себеп болуы мүмкін. Бұл өз кезегінде мемлекеттер мен халықтар арасындағы жақсы қарым-қатынасқа кері әсер етуі ықтимал. Өкінішке қарай, әлемдік маңызы бар ірі тарихи оқиғаларды бұрмалап көрсететін жағдайлардың қазірдің өзінде көріп отырмыз”, -деді Тоқаев.

Президент қазіргі күрделі геосаяси жағдайда адамзат тарихынан соғыстарды ғана емес, бейбіт өмір құруға, диалог орнатуға негіз болған мысалдарды да көре білу маңызды екенін айтып өтті.

“Әлем тарихында соғыстар мен қарулы қақтығыстар туралы дерек көп. Өйткені соғысты сипаттау бейбіт кезеңдегі бірқалыпты даму үдерісін баяндаудан әлдеқайда оңай. Тіпті Лев Толстойдың “Соғыс және бейбітшілік” романының өзі бейбітшіліктен гөрі соғысты көбірек суреттейді”, – деді мемлекет басшысы.

Тоқаев қазір әлем тарихи таңдау кезеңіне келгенін айтты. Халықтарды біріктіретін ортақ тарихты қалыптастыру үшін беделді ғалымдардың күш біріктіруі аса маңызды екенін жеткізді.