Қазақстанның халал сертификаты Қатарда ресми танылды

2 507

Фото; Opennews.kz ЖИҚазСтандарт Қатарда ресми түрде танылды. Кәсіпорынды халал сертификаттау жөніндегі уәкілетті органдардың тізіліміне енгізді. Бұл қазақстандық өндірушілердің катар нарығына шығу мүмкіндіктерін кеңейтеді, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Ақпарат Қатардың Қоғамдық денсаулық сақтау министрлігінің Global Partners System жүйесіндежарияланды. ҚазСтандарт Authorized List of Halal Bodies ресми тізбесіне енді.

— Тізілімге енгізу ҚазСтандарттың халал-сертификаттау саласындағы құзыреттілігін растайды. Енді отандық тамақ өнімдерін өндірушілер Қатарда танылатын талаптарды ескере отырып, сертификаттаудан Қазақстанда өте алады, — делінген хабарламада.

ҚазСтандарт халықаралық талаптарға сәйкес халал өнімді сертификаттауды жүргізеді және ұлттық сертификаттау жүйесін тану ауқымын кеңейтуді жалғастыра бермек.

Бүгінгі күні ҚазСтандарт БАӘ, Сауд Арабиясы Корольдігінде және Қатарда аккредиттеуден өткен. Бұл қазақстандық өндірушілердің өнімдерін шетелдік нарықтарға ілгерілетуге қосымша мүмкіндіктер береді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.