Нұрлан Әлімжанов басшылық қызметке тағайындалды

656

Фото: Нұрлан ӘлімжановМәжілістің бұрынғы депутаты, актер әрі әнші Нұрлан Әлімжанов Нұр-Сұлтан қаласы мәдениет басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Бұл ақпаратты елорданың мәдениет басқармасының баспасөз қызметі растаған. 

"Иә, рас. Бүгіннен бастап тағайындалды", - деді басқармадағылар. 

Еске сала кетсек, Нұрлан Әлімжанов 2019 жылы мәжіліс депутаты болып сайланған еді. 

Ол 1984 жылы 29 сәуірде дүниеге келген. Белгілі театр және кино әртісі, сазгер, орындаушы, тележүргізуші. 

"Елбасы жолы" киноэпопеясында Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін сомдаған. 2013 жылы

"Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағын алды. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.