Қажылыққа барғысы келген қазақстандықтар қандай вакцина алуы қажет – Министр түсіндірді

287

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцина алған қазақстандықтардың қажылыққа бару мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпаат агенттігі.


"Жалпы алғанда, қажылыққа бару үшін әр ел өз талабын қояды. Қазір бізде Sinofarm компаниясының вакцинасы бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны аккредиттеді. Яғни, егер қажылыққа қабылдаушы ел ДДҰ-да тіркелген вакцинаның болуын талап етсе, ондай вакцина бізде бар деген сөз. Соны қабылдап, қажылыққа шыға беруге болады", – деді министр.

Ведомство басшысы қазақстандық QazVac вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркеу жұмыстары сәтті өтсе, екпенің осы түрін алғандар да қажылыққа бара алатынын еске салды.


"Өзіміздің QazVac бойынша айтсақ, қазір Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркелу сатысынан өтіп жатқанымызды білесіздер. Вакцина сол жақта тіркеуден өткен бойда, өзге нарықтарға да жолы ашылады. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан өз вакцинасын клиникалық айналымға іс жүзінде шығарған алтыншы мемлекет. Оны түгел өз күшімізбен жасадық", – деп қосты министр.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.