"Әріптес болғаныма ризамын". Тағы бір депутат орнынан кетті

528

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутат Нұрлан Қылышбаевтың өкілеттігі тоқтатылды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Депутат басқа жұмысқа кетуіне байланысты орнын өз еркімен мерзімінен бұрын босатқан.

 Нұрлан Қылышбаев Парламент Сенатының депутаты болып 2017 жылы Алматы облысынан сайланған. Жоғарғы палатада Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы қызметін атқарды.

Сіздермен бірге қызмет атқарып, әріптес болғаныма ризамын. Сенатта депутат болғаным үшін бірінші кезекте Елбасы мен Президентке алғыс білдіремін. Заң жобаларын қабылдап, аймақтағы сайлаушылардың ой-пікірін тыңдап, мәселе шешкенім — үлкен мектеп,—деді Нұрлан Қылышбаев.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.