Гүлшара Әбдіқалықованың жаңа орынбасары тағайындалды

322

Фото: Қызылорда облысы әкімдігіПрезидент әкімшілігінің келісімі бойынша және Қызылорда облысы әкімінің өкімімен Шәменова Балжан Мөрәліқызы аймақ басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды. 

Гүлшара Әбдіқалықова жаңа орынбасарына қызметінде сәттілік тіледі.

"Балжан Мөрәліқызы өңірдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси ахуалымен жақсы таныс. Әртүрлі салада жинақтаған мол тәжірибесін, қазіргі таңда маңызды болып саналатын әлеуметтік саланы одан әрі жетілдіруге аянбай жұмсайды деп сенім білдіремін. Облыс әкімінің орынбасары ретінде Балжан Мөрәліқызы денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту және еңбек саласындағы бақылау салаларына жетекшілік жасайтын болады", - дейді облыс әкімі. 

Айта кетейік, Балжан Шәменова 1962 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша тәмәмдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент.
Еңбек жолын 1979 жылы Қызылорда қаласындағы "Риссовхозстрой" тресінің № 27 жылжымалы механикалық колоннасында штукатур-маляршы ретінде бастаған.
 
1984-1997 жылдары облыстың жоғарғы оқу орындарында жауапты педагогикалық қызметтер атқарған. 

1997-2012 жылдары облыстық экономика басқармасының басшысы болған. 

2012-2013 жылдары облыстық медицина орталығы директорының экономика бойынша кеңесшісі. 2013-2014 жылдары Қазақ инженерлік-техникалық академиясының доценті ғылыми қызметтерін атқарған. 

2014-2016 жылдары денсаулық және әлеуметтік даму министрлігінің департамент директоры. 

2016-2019 жылдары "Nur Otan" партиясы орталық аппараты жетекшісінің орынбасары лауазымдарын атқарған. 

2019 жылғы қыркүйек айынан бастап "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ басшылық лауазымдарында әлеуметтік қамсыздандыру саласында қызмет атқарып келді.
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.