Путин газды шетелдік компанияларға сатудың тәртібі туралы жарлыққа қол қойды

307
2022 жылдың 31 наурызында Ресей президенті Владимир Путин «Шетелдік сатып алушылардың ресейлік табиғи газ жеткізушілері алдындағы міндеттемелерді орындауының ерекше тәртібі туралы» жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 

Осылайша, 2022 жылғы 1 сәуірден бастап газ күйіндегі табиғи газды экспорттауға айрықша құқығы бар резиденттер – сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың табиғи газды жеткізгені үшін төлем рубльмен жүзеге асырылатыны белгіленді:
  • табиғи газды жеткізу Ресей Федерациясына, ресейлік заңды және жеке тұлғаларға қатысты жағымсыз әрекеттер жасайтын шет мемлекеттерге табиғи газды жеткізу жүзеге асырылса, шетелдік тұлғалармен жасалған табиғи газды жеткізуге арналған сыртқы сауда шарттары бойынша;
  • Ресей Федерациясына, ресейлік заңды және жеке тұлғаларға қарсы келеңсіз әрекеттер жасайтын шетел мемлекеттері тіркелген жері болып табылатын шетелдік тұлғалармен табиғи газды жеткізуге жасалған шарттар бойынша.
Сонымен бірге, табиғи газды жеткізу шарты бойынша ресейлік жеткізушінің жоғарыда көрсетілген шетелдік тұлғаларға табиғи газды одан әрі жеткізуіне тыйым салынады. Яғни жеткізілген газ үшін төлемнің мерзімі келген және шетелдік сатып алушының төлемі шетел валютасында немесе толық көлемде жасалмаған немесе уәкілетті банк болып табылмайтын банктегі шотқа төленген жағдайда.
Кеден органы осы тәртіптің бұзылғаны туралы ақпаратты алған кезде дереу мұндай жеткізуге тыйым салу туралы шешім қабылдайды.


Қаулыға сәйкес, уәкілетті банк «Газпромбанк» болып табылады, ол шетелдік сатып алушылардың өтініштері негізінде жеткізілген көгілдір отын үшін төлемдерді К типті рубль шоттары мен арнайы К типті валюталық шоттарды ашады.


Жарлық мәтінімен толығырақ мына жерден танысуға болады.
Еске салайық, 23 наурызда Владимир Путин үкіметпен кездесуінде Ресей есеп айырысу жүйесін өзгертіп, көгілдір отынды Еуроодақ елдеріне рубльге сата бастайтынын айтқан.


«Мен достықсыз деп аталатын елдерге жеткізілетін табиғи газ үшін төлемді тез арада ресей рубліне аудару бойынша кешенді шараларды жүзеге асыруды шештім. Яғни, мұндай есептеулерде барлық валюталарды пайдаланудан бас тарту», - деді Путин.