Қамауда отырған Кәрім Мәсімовтің денсаулығы күрт нашарлап кетті
486
"Мемлекетке опасыздық жасады" деп айыпталып, қамауға алынған Кәрім Мәсімовтің денсаулығы күрт нашарлап кеткені белгілі болды. Бұл жөнінде Karimmasimov сайты мәлімдеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Сайтта жарияланған ақпаратқа сәйкес, бұрынғы ҰҚК басшысына шұғыл медициналық көмек көрсетілуі қажет. Мәсімовті абақтыдан босатып, ауруханаға жеткізу керек.Кәрім Мәсімов көптеген созылмалы аурулармен ауырады, оның ішінде 2021 жылдың көктемінде анықталған созылмалы жүректің ишемиялық ауруы бар.
Бұл ауру Мәсімовтен былтырғы жылдың көктемінде анықталған, делінген жазбада.
Қамауға алынған күннен бастап Мәсімовтің жағдайы күрт нашарлап, ескі сырқаты қайта қозған.
"Кәрім Мәсімовтің дәрігерлері оның арты өлімге алып келетін ауруларға шалдыққанына байланысты дереу босату қажеттігін жазбаша растады. Дәрігерлер бұл мәселе бойынша толық ақпарат беруге дайын", - деп жазады Мәсімовтің сайты.
Сонымен қатар бұл мәселе бойынша халықаралық ұйымдар мен шетел билігіне хабар берілгені айтылды.