Президент «Жаңа Қазақстан» құру жолындағы бастамаларды қолдады
459
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев:Референдумның нәтижесі халқымыздың үлкен өзгерістерге дайын екенін көрсетті деді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Сенаттың жалпы отырысында. Бұл ретте ол заңнамалық бағытта атқарылар істің ауқымы кең, маңызы зор екенін атап өтті.
«5 маусым күні елімізде жалпыұлттық референдум өтті. Бұл ел тарихындағы ең маңызды әрі шешуші оқиғалардың бірі болғаны сөзсіз. Референдумға қатысқан азаматтарымыздың басым бөлігі Конституцияға ұсынылған түзетулерді қолдап, дауыс берді. Осылайша, Қазақстан халқы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан» құру жолындағы бастамаларына қолдау білдірді. Сонымен қатар, референдумның нәтижесі ұлтымыз үлкен өзгерістерге дайын екенін көрсетіп берді. Ендігі міндет – халықтың осы қалауын іске асыру. Өйткені елімізді жаңғырту үшін жүргізіліп жатқан реформалар референдуммен шектелмейтіні түсінікті. Сондықтан нағыз жұмыс енді басталады десек артық бола қоймас. Мемлекет басшысы рефрендум қорытындысы бойынша жасаған үндеуінде осы мәселеге баса мән беріп, елімізді жан-жақты жаңғырту жалғаса беретінін айтты», - деді М. Әшімбаев.
Сенаттың жалпы отырысында. Бұл ретте ол заңнамалық бағытта атқарылар істің ауқымы кең, маңызы зор екенін атап өтті.
«Президент айтқандай, конституциялық реформа бүкіл құқық саласын жаңғыртуға жол ашады. Бұл өз кезегінде Парламентке үлкен әрі жауапты міндеттер жүктейді. Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес, заңнамаға тиісті түзетулер енгізуіміз қажет. Сенаттың да жұмысын жетілдіру керек. Жалпы, біздің басты мақсатымыз – демократиялық, құқықтық, әділетті және әлеуметтік мемлекет қалыптастыру. Осы жолда Сенат депутаттары белсенділік танытып, «Жаңа Қазақстан» құру ісіне үлкен үлес қосады деп сенемін», - деді Мәулен Әшімбаев.