ОБЛЫС ӘКІМІ ПРЕЗИДЕНТ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ГРАНТ ИЕГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

318

Фото: Қызылорда облыс әкімдігіҚызылорда өңірінде 9 мемлекеттік қызметші Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының грант иегері атанды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттiгi.


Оның біреуі докторантура, 8-і магистратура бағытына оқу түсті. Нәтижесінде, Сыр елі үздік үш аймақтың қатарына енді. 


Енді олар өздері таңдаған мамандықтары бойынша елордада білімін жетілдіреді. 


Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев грант иегерлерімен кездесіп, оларға сенім білдіріп, алдағы асуларына сәттілік тіледі. 


- Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтардың білімімен өлшенеді. Себебі, білім алу – баға жетпес құндылық. Дәуірлер алмасып, қоғамдық құндылықтар ауысқанымен үздіксіз білім алуға деген талпыныс өзгермейді. Сіздердің әрбірлеріңіз Жаңа Қазақстанның білімді әрі бәсекеге қабілетті, мемлекетшіл ұстанымдағы азаматтарсыздар!  
Алдағы уақытта білімдеріңізді жетілдіріп, мемлекеттік басқарудың жаңа қырларын игеріп, туған жерлеріңізге қайта оралып, Сыр елінің жан-жақты дамуы жолында аянбай еңбек етеді деп сенімдемін
,-деді Н.Нәлібаев.

Басқосуда грант иегері Альбина Пірназарова келешекте әрбір түлек аймақ дамуына оң әсер беретін жаңа жобаларды дамытып, туған жердің өркендеуіне үлес қосуға әрдайым дайын екенін жеткізді.

Жиын соңында аймақ басшысы мемлекеттік қызметте лайықты еңбек еткен грант иегерлерін арнайы құттықтау хатпен марапаттады.