Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі тағайындалды

594

Фото: Ақпарат және қоғамдық даму министріМақпал Жұмабай Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы министр Дархан Қыдырәлі өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Бүгін Алматыда заманауи медиа өкілдері мен креатив жастармен кездестім. Түрлі платформаларда шығармашылық әлеуетін танытып жүрген жастар жан-жақты мәселелерді ортаға салды. Өте пайдалы кездесу болды деп ойлаймын. Айтпақшы, осы басқосуға ұйытқы болған Мақпал Жұмабай қарындасым бүгіннен бастап Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі лауазымына кірісті. Сәттілік тілеймін!», - деп жазды ол.


Айта кетейік, бұған дейін Мақпал Жұмабай «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары қызметін атқарды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.