Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға барды

493

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласына барды.
Фото: видеодан скриншотБұл туралы елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter желісіндегі парақшасында жазды. Үкібайдың хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев сапар барысында түркі әлемінің астанасында бой көтерген әлеуметтік-мәдени нысандарды аралаған. 

Сонымен қатар Елбасы Түркістан қаласындағы "Тұңғыш президент саябағын" абаттандыру жұмыстарымен танысып, Қазақ хандығына арналған мемориалдық кешеннің ашылу рәсіміне қатысқан. 

Одан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Музыкалық драма театрдың ашылу рәсіміне қатысып, "Әзірет Сұлтан" тарихи-мәдени қорығы аумағында орналасқан этноауылға барған. Театрда Елбасы "Шаңырақ" миниатюрасын тамашалады. Сондай-ақ, Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырып, БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.