Nur Otan партиясының атауы өзгерді

597

Бүгін Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII съезі өтіп жатыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Жиын барысында партия атауын "Аманат" деп өзгерту ұсынылды.

Мәжіліс төрағасы, палатадағы Nur Otan фракциясының жетекшісі Ерлан Қошанов Nur Otan партиясының атауын "Аманат" деп өзгертуді ұсынды.

Партияның алғашқы съезі 1999 жылы 1 наурызда өткен. Ол кезде "Отан" деп аталды.


2006 жылы 22 желтоқсанда кезектен тыс X съезде партия атауы "Нұр Отан" деп өзгертілді.


Енді міне, араға 16 жыл салып, тағы да партия атауы ауысты.


Бұған дейін Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезінде төраға ауысқан еді. 22 жыл партияны басқарған Нұрсұлтан Назарбаевтан кейін тізгінді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.