Сағынтаев Алматының "қызыл" аймақтан шығуына не көмектескенін айтты
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполистегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға әсер еткен шаралар жөнінде сөз қозғады.
Бұл туралы шаһар басшысы Алматы телеарнасындағы Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирінде айтты.
Оның сөзінше, осы жылдың 9-наурызынан бастап жұқтырудың төмендеуі нысандар мен қоғамда жүргізілген шектеу шараларының тиімділігіне, монитринг топтарының қарқынды жұмысына тікелей байланысты.
"Бүгінде қалада иммундық қабаттың 20%-дан асуы (жалпы халық санының 15,4%-ының екпе алуы +5%-ы сырқаттануы). Сонымен қатар нысандарға ASHYQ жүйесін енгізу және белсенді КВИ ошақтары бар үйлерде жүйелі түрде дезинфекциялау жұмыстары оң әсерін тигізді", - деді Сағынтаев.
Оның айтуынша, соңғы 2 аптаның мәліметтері бойынша КВИ жұқтырғандардың науқастардың жас құрамын талдау ауру деңгейінің 40-59 жас аралығындағы азаматтар арасында өткен аптада басталған 1,3%-ға төмендегенін, сонымен қатар ауруханаға түскен 60 жастан асқан адамдардың 1% болғанын көрсеткен. 14 жасқа дейінгі балалар арасында жұқтырудың 1,2%-ға өсуі байқалады, дейді қала әкімі.
Жұмыспен қамту тұрғысынан елеулі өзгерістер тіркелген жоқ:
6479 КВИ науқастарының ішінен инфекция жұқтырғандар - 34,7% (2246 адам),
әртүрлі ЖШС қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер, АҚ - 21,0% (1349) адам),
зейнеткерлер - 20,8% (1346 адам), мектеп оқушылары - 7,9% (510 жағдай),
мектеп жасына дейінгі балалар арасында – 5,0% (КВИ-нің 327 жағдайы).
Халықтың осы санаттарының жалпы үлесі 89,4% құрады.
Сағынтаев инфекция жұқтыратын орындарды өткен апталармен салыстырғандада отбасылық байланыстағы инфекция деңгейі 6,5%-ға өскенін жасырмады. Туыстарымен, көршілермен, достармен және жұмыс орнындағы байланыстың жұқтыру деңгейі өзгерген жоқ, дейді ол.
Ықтимал инфекция ошақтары тұрғысынан алғанда, азық-түлік базарларындағы инфекциялардың 1,5%-ға, аула ішіндегі азық-түлік дүкендерінде – 2,2% -ға, сауда және ойын-сауық орталықтарында, ТД 1,1%-ға өсуі алаңдатады.
"Қоғамдық тамақтану орындарында асханалардың кәуап пісіретіндердің есебінен 1%-ға төмендеді. Отбасылық шаралардың шектелуі барысында 1,5%-ға азайды. Сауда объектілерінде, банктерде, пошта бөлімшелерінде, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, моншаларда инфекция деңгейі төмендеуі өзгерген жоқ. ASHYQ жобасына қатысушылардың нысанында инфекция жұқтыру жағдайы тіркелген жоқ", - дейді мегаполис басшысы.