Шөкеев орынбасарының парамен ұсталғаны рас па

300

Фото: Түркістан облыс әкімдігіКүні кеше Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің "Парамен ұсталды деп күдікке ілінді" деген ақпаратты алғашқылардың бірі болып @yedilov online телеграм каналы тартты.


"Кейбір ақпарат көздеріне сәйкес, елордалық сыбыйлас жемқорлықпен күресушілермен ірі көлемде пара алды деген күдікпен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевке қатысты қылмыстық іс қозғалды" деп жазылған телеграм каналда. 


Ал @chinovnik_kz каналында мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікпен жоғарыда есімі аталған шенеуніктің үстінен іс қозғалғаны туралы ақпарат шықты.
 Алайда еліміздің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіндегілер бұл оқиғаға қатысты әзірге ресми пікір білдірмеді.


 Ал Түркістан облыстық әкімдігі "күдікке ілінді" деген шенеуніктің жұмыста емес екенін растады. 


"Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мырзалиев Мейіржан Иябайұлы ресми түрде еңбек демалысында. Ол гипертониялық криз диагнозымен облыстық ауруханалардың бірінде. Артық түсініктемелерден аулақ болуыңызды өтінеміз. Қосымша ақпарат кейінірек беріледі",-деді әкімдіктің баспасөз қызметі. 


Айта кетейік, 1980 жылы дүниеге келген Мейіржан Мейіржан Мырзалиев 2019 жылдың наурыз айында Өмірзақ Шөкеевтің орынбасары қызметіне тағайындалды.