Басы дауға қалған Өскеменнің бұрынғы әкімі министрліктегі қызметінен кетті

364

Фото: Өскемен қаласының әкімдігіБасы дауға ілікке Өскеменнің экс-әкімі Қуат Тұмабаев Nur Otan партиясынан шығарылғаннан кейін сауда және интеграция министрлігіндегі қызметінен кетті. 
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, басы дауға қалған шенеунік 2021 жылдың 11 мамырынан бастап министрлікте жұмыс істемейді. Оның өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініш бергені айтылды. 


Еске сала кетсек, осыған дейін Өскеменнің бұрынғы әкімі Қуат Тумабаев Nur Otan партиясынан шығарылған болатын.


 Бұл туралы мәжіліс депутаты Артур Платонов хабарлаған. 



Nur Otan партиясының бақылау комитетінің төрағасы еске салғандай, жуырда бұқаралық ақпарат құралдарында Қуат Тумабаев Сауда және интеграция министрлігінің экспортты жылжыту департаменті директоры қызметіне тағайындалғаны туралы ақпарат жарияланған. 
Артур Платонов бұл жағдай түсініксіз реакция тудырғанын жасырмады. 


Себебі, Өскемен қаласының экс-әкімі 2018 жылы адам өлімімен аяқталған жол апатына қатысты қызметінен кетуге мәжбүр болды. 


Оның сөзінше, 2018 жылы Қуат Тумабаев Риддер әкімі 
орынбасары Бауыржан Құрманбаевтың көлігінде болған.


 Жолда жоғары жылдамдықпен жүрген Құрманбаев 18 жастағы жігітті қағып кетеді. Ал осы мезетте Қуат Тумабаев тез арада оқиға орнынан таса болады. 
Сотта әкімнің орынбасарын қанды оқиғаға кінәлі деп тауып, Тумабаев куәгер ретінде қатысқан. 


Тәртіптік комиссияның шешімімен Тумабаевқа қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту жасалған, ал "Nur Otan" партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Даниал Ахметов "оның мұндай жоғары лауазымды атқаруға моральдық құқығы жоқ" екенін атап өтті. 


Осылайша, 2018 жылдың 13 тамызында Қуат Тумабаев Өскемен қаласының әкімі қызметінен босату туралы өтініш жазған. Мәжіліс депутаты осы оқиғадан кейін Тумабаевтың жаңа қызметке орналасуын саяси кодекске қарама-қайшы деп бағалады.