Түркия елшілігі Қазақстан халқына үндеу жасады

451
Түркияның Қазақстандағы елшілігі қазақстандықтарға үндеу жолдады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 





Елшілік Түркияның оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге қажетті заттардың тізімін атады.

Жер сілкінісінен кейінгі бірінші кезектегі қажеттіліктер мен логистикалық мүмкіндіктерге байланысты, біздің елшілікке / Бас консулдыққа көрсетілетін көмек тек төменде келтірілген материалдармен шектелсе деген өтінішіміз бар, – делінген хабарламада.


Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін келесі заттар қажет:
  • шатырлар,
  • генераторлар,
  • жылытқыштар,
  • көрпелер,
  • ұйықтайтын сөмкелер.

Көмекті Астана қаласы, Жұмабек Тәшенов көшесі, 3 мекенжайы бойынша ҚР-дағы Түркия елшілігіне, сондай-ақ Алматы қаласы, Төле би көшесі, 29 мекенжайы бойынша Түркияның Алматыдағы Бас консулдығына апаруға болады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.