Қызылордада мас күйде көлік жүргізген азамат 15 тәулікке қамалды

2 500

Фото: Polisia.kzҚызылордада мас күйде көлік жүргізген азамат 15 тәулікке қамалды, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Қызылорда қаласында патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында мас күйде көлік басқарған жүргізушіні анықтады. Рейд барысында полиция қызметкерлері күдік тудырған Toyota RAV4 автокөлік жүргізушісін тоқтатып, тексеру кезінде 33 жастағы жүргізушінің алкогольдік масаң күйде екені анықталды. Құқық бұзушы полиция бөліміне жеткізілді. Оған қатысты әкімшілік іс қозғалып, сот қаулысымен 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Аталған құқық бұзушылық патрульдік полиция қызметкерлерінің бейнежетонына тіркелген. Полиция жүргізушілерді жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға және алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін көлік тізгініне отырмауға шақырады. Мас күйінде көлік басқару жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіреді. “Заң мен тәртіп” қағидатын сақтау – әрбір жол қозғалысына қатысушының ортақ жауапкершілігі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.