«Мұқағали» фильмі ШЫҰ елдері кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына енбек

472

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

«Мұқағали» көркем фильмі Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдері кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына іріктеліп алынды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының мәліметінше, режиссер Болат Қалымбетовтың «Мұқағали» фильмі 27-31 қаңтар аралығында Мумбай қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдер кинофестивалінің «Үздік режиссер» номинациясы бойынша конкурстық бағдарламаға енгізілді.


Кинофестиваль іріктеуіне қоюшы-режиссер Б.Қалымбетовтың - «Мұқағали», қоюшы-режиссер А. Сатаевтың - «Ұлы дала таңы», қоюшы-режиссер А. Ержановтың «Адемоканы оқыту», режиссер А. Анартаевтың «Ыстық көл» фильмдері жіберілген болатын, - деп хабарлады киностудиядан.

Еске салайық, «Мұқағали» көркем фильмі бұған дейін Қазан кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы сыйлығына ие болды.


Дубайдағы Мeta Film Fest кинофестивалінде бас жүлдеге ие болды.


Сондай-ақ Шотландияда өткен халықаралық Сент-Эндрюс кинофестивалінде бес жүлдені жеңіп алған болатын.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.