Нұртас Адамбай "Келинка Сабина" үшін соттаспақ

431

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: АдамбайОтандық танымал режиссер Нұртас Адамбай "Келинка Сабина" брендімен өнім шығарып жатқан адамдарды сотқа бермек. Өнер иесінің заңгері бүгінде сотқа арыз дайындауда.


Нұртас Адамбай өзі ойлап тауып, дамытқан брендттің атын заңсыз пайдаланып жатқандар туралы Instagram парақшасында айтып берді. Әзілкештің сөзінше, әлдекімдер оның рұқсатынсыз атышулы "Келинка Сабина" атымен өнім шығарып, пайда көріп жатыр.


 "Достар, өз қалаларыңыздағы дүкендерден "Келинка Сабина" брендімен шығарылған өнімдерді көрсеңіздер, маған күнін белгілеп видео түсіріп жіберулеріңізді сұраймын. Бейнежазбадан уақыт пен дүкеннің аты көрініп тұруы керек. Қазіргі таңда заңгер біздің компанияға тиесілі "Келинка Сабина" брендін заңсыз пайдалану бойынша сотқа шағым дайындау үстінде. Біздің адал оқырмандарымыздың арқасында бір оқиғаны анықтадық. Қолдауларыңызға рахмет", - деп жазды Адамбай. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.