Қызылордада ежелден келе жатқан ерекше петроглифтер жойылудың алдында тұр

2 632

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: qazaqstan3d.kzҚызылорда облысындағы Сауысқандық шатқалындағы ежелгі петроглифтердің бір бөлігі жойылып кету алдында тұр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Петроглифтері бар Сауысқандық шатқалы Қаратау бөктерінде орналасқан. Ереше орын туристер мен демалушыларды әрқашан қызықтырып келеді. Алайда қазір  жойылудың алдында тұр.



“Сауысқандық петроглифтерінің бірегейлігі – оларды белгілі бір уақытша қабатқа енгізу қиын. Мұнда көшпенділер мәдениеті, отырықшы және андронов мәдениеті бар. Мұнда сурет салу техникасының бірнеше түрі байқалады. Бірақ қазір бұл петроглифтер жойылу алдында тұр”, – деді археолог Сағымбай Мұрғабаев.


Ежелгі жазулар, адамдар тұрмысы мен жануарлардың бейнелері бар Сауысқандық петроглифтер тобы – Орталық Азиядағы ең ірі таңба. 10 мыңға жуық оқиға бейнеленген таңбалар 7 шақырымға созылады. Бірегей нысан ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне де енген.


“Мұраға 4 мың жылға жуық уақыт болған. Аморфты кескіндер мен сурет салу техникасы қола дәуірінен басталады. Петроглифтердің бұл тобы ең көнелерінің бірі болуы мүмкін. Аумақты қорыққа айналдыру жоспарлануда. Бұл туристер арасында үлкен қызығушылық тудырады”, – деді тарих ғылымдарының кандидаты Нұрлыбек Мыңжасов.


Ал, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау орталығының директоры Ерғазы Алданазаров келушілерді бақылау үшін шлагбаум орнату керек екенін алға тартты.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.