Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге өтініш қабылдау басталады

2 531

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі - МАМ) қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге өтінімдер қабылдау басталғанын жариялады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Құрметті атақ қайырымдылық саласын дамытуға елеулі үлес қосқан қайырымдылық жасаушыларды, қайырымдылық ұйымдарын және қайырымдылық волонтерлерін қолдауға бағытталған.


Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 1 мамырдан басталып 2024 жылғы 1 шілдеге дейін жалғасады.


Конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органға (МАМ) құжаттарды хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы, МАМ кеңсесі арқылы қолма-қол қағаз және электрондық жеткізгіштерде (DOC, DOCX, PDF форматындағы CD-дискілерде не USB-флэш-жинақтағыштарда) немесе zvanie_2023@mbx.kz (PDF форматында) электрондық мекенжайына жолдай алады.


Жеңімпаздар Парламент депутаттары, азаматтық және квазимемлекеттік сектор, мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссияның шешімімен айқындалады.


Сұрақтар туындаған жағдайда мына нөмір бойынша хабарласуға болады: (87172) 740674. Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беру ережелері туралы толығырақ төмендегі сілтеме арқылы білуге болады: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200029542.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.