Таңбалы музей-қорығында түркі халықтарының рухани құндылықтары мен мәдени мұрасы талқыланды

2 552

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Gov.kzТаңбалы мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығында «Түркі халықтарының рухани құндылықтары мен мәдени мұрасы» халықаралық конференциясы өтуде, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Іс-шараға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және басқа да түркі әлемі елдерінің өкілдері қатысып жатыр.


Конференция барысында Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры жанынан құрылған Реставраторлар мен тарихшы-сәулетшілер консультативтік кеңесінің бірінші отырысы өтті. Сарапшылар түркі археологиялық мұрасын зерттеу және қалпына келтіру саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.


«Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында еліміздің тарихи-мәдени мұрасын сақтау мен жаһандық деңгейде насихаттаудың маңызынн ерекше атап өтті. Біздің міндетіміз – «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» заңды жетілдіру аясында жұмыс істеу», – деді Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітова.


Жиын барысында «Таңбалы» музей-қорығына келушілер орталығында петроглифтерді сақтауға зор үлес қосатын жартастағы суреттерді қалпына келтіруге арналған ғылыми-реставрациялық зертхана ашылды.


Қатысушылар сонымен қатар «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мен «Құлан» көне қалашығын аралап, экскурсиялар жасады.

Айта кетейік, конференция Таңбалы ескерткіштерінің ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне енгізілгеніне 20 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.