Домбыра мен киіз үйді қазақ ұлтының еншісіне патенттеу мүмкін емес – Әділет министрлігі

2 588

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Е. Әміреновтің жеке мұрағатынанӘділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли ведомствоның кезекті баспасөз мәслихатында ұлттық өнімдерді патенттеудің тәртібін түсіндірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Көптеген әріптесіміз осы жерде шатастырып жатады. Мысалы, «домбыра түбегейлі қазақтікі», «киіз үй түбегейлі қазақтікі» деген сияқты патент неге алмаймыз деп жатады. Бұл – сөзбұйдаға салынатын мәселе», - деді ол.


Ресми өкілі дәл қазақтікіндей киіз үй, музыкалық аспаптар өзге де елдерде болуы мүмкін екенін айтады.


«Сол себепті біз бір бұйымды не болмаса ұлттық өнімді, мысалы ірімшікті басыбайлы біздікі деп патенттей алмаймыз. Себебі ол өзге де елдерде бар дүние. Ал, оның жасалу технологиясында қандай да бір жаңашылдықтар болса, оны, әрине, өзіміздікі қазақстандық өнертапқыштардың еншісіне патенттеп бере аламыз», - деді Талғат Уәли.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.