Қазақконцерт әртістері Түркиядағы халықаралық би байқауына қатысып жатыр

2 525

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігіРоза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Бірлік» ансамблі Түркияда өтіп жатқан «Алтынқарагөз атындағы 36-шы Дүниежүзілік халық би байқауына» қатысып жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ТҮРКСОЙ мен Түркияның Бурса қаласының әкімдігі бірлесе ұйымдастырған байқауға түркітілдес елдердің үздік ұлттық және би ұжымдары қатысады. 


«Бірлік» ансамблі байқауда «Қамшыгер», «Жігер», «Күй шашу» атты хореографиялық композицияларды ұсынбақ. Сондай-ақ, ансамбльдің көркемдік жетекшісі Анель Марабаева «Шара» атты жеке композициясын орындайды.


«Бірлік» ән-би ансамблі – көпұлтты еліміздің мәдени байлығын паш ететін бірлік пен үйлесімнің нышанына айналған ұжым. Ансамбльдің өнердегі мақсаты – өзара құрмет, бірлік пен татулық сынды құндылықтарды насихаттай отырып, қазіргі қоғамдағы аталған құндылықтардың маңызын мәдениет пен өнер арқылы көпшілікке жеткізу. 




OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.