Мейрамбек Бесбаевпен кездескен әжей енді Нұрболат Абдуллинді іздеп жүр

337

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мейрамбек Бесбаевқа жылы лебізін білдіре сәлем жолдап, кейіннен онымен телефон арқылы сөйлескен әжей тағы да желіні жарды. Бұл жолы қария Нұрболат Абдуллинді іздеп жүр екен.

Instagram кеңістігінде Мейрамбек Бесбаевпен тілдескен әжейдің тағы бір видеосы тарады. Алайда, бұл жолы қарт ана "МузАРТ" тобының мүшесін емес, оның өнердегі інісі Нұрболат Абдуллинді жер-көкке сыйғызбай мақтады. 


Қария халық ыстық ықыласын ие әншінің шығармашлығын жақсы көретінін жасырмай айтты. 


"Нұрболат Абдуллин де өлеңді жақсы айтады. Өлең айтқанынан, әйтпесе қайдан танимын? Бойын-сойын білмеймін, өлеңін білемін. Өлеңі әдемі. Керек емес түгінің, маған өлеңі ұнайды", – дейді әжей видеода. 


Желі қолданушылары аталмыш бейнежазбаның астына жаппай НұрболатАбдуллинді белгілеп, оған әжеймен кездесіп қайтуына кеңес берді. Халықтың айтқаны эстрада жұлдызына жетіп, әнші қарт ананың видеосын өзінің парақшасында бөлісіп қойған. 
 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.