«Дала қасқырлары» фильмі канадалық кинофестивальде жоғары бағаланды

2 522

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: pexels.comКанадалық беделді кинофестивальде «Дала қасқырлары» фильмі жоғары бағаланды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Fantasia Film Festival кинофестивалінде қазақстандық фильм қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаға ие болды. Басты рөлдерді сомдаған Берік Айтжанов пен Анна Старченко фестивальдің үздік актерлері атанды.


Фильм ұжымы үшін айтулы оқиға – оператор Еркінбек Птыралиев Оскар киноакадемиясының мүшелігіне қабылдануы. Осылайша, ол «Оскар» сыйлығына дауыс беруге қатысатын алғашқы қазақстандық атанады.


Режиссер Әділхан Ержановтың «Дала қасқырлары» фильмі бұған дейін Reims polar 2024 кинофестивалінде француз сыншылар қауымдастығының жүлдесін жеңіп алған болатын. Фильм тәртіпсіздік кезінде ұрланған ұлын іздеп жүрген Тамара есімді әйелдің басындағы мұңлы оқиғаны баяндайды. Ол күмәнді детективтің көмегіне жүгініп, кейін күтпеген оқиғаларға тап болады.


Кинокартина ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен түсірілген.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.