Әз Жәнібек сұлтанға арнап XIV ғасырда жазылған қолжазба табылды

2 113

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: gov.kz1334 жылы Әз Жәнібек сұлтанға арнап жазылған 96 беттік қолжазба табылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz"ақпарат агенттігі.

 Қолжазбада Әз Жәнібек ханның түпатасы Шыңғыс ханнан өз әкесі Өзбек ханға дейінгі ататегі қысқаша алтын нақышпен беріліп, негізгі мәтінде хикметтер туралы баяндалған.

Қолжазбаның ішкі мұқабасында Осман сұлтаны ІІ Баязидтің (1447-1512) мөрі қойылған.

Аталған тарихи мұраны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Архив-2025» кешенді жоспары аясында Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында Орталық мемлекеттік архивінің қызметкері, қазақ ғалымы Өмірбек Қанай анықтады.

Қазіргі таңда аса құнды қолжазбаның көшірмесі Қазақстанға жеткізіліп, әрі қарай зерттеу жұмыстары жалғасуда.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.