Бибігүл Төлегенова 95 жасқа толды

2 632

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Алихан СариевҚазақстанның халық әртісі, КСРО халық әртісі, әнші Бибігүл Төлегенова 95 жылдық мерейтойына байланысты туған жерінде концерт өткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Концертте облыс әкімі өнер иесіне ізгі тілегін білдірді.

“Бүгін руханияттың ордасы Семей қаласында ерекше күн. Қазақтың шоқ жұлдызы, әлемге әйгілі сопрано дауысының иесі Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың мерейтойына арналған мерекелік концертке жиналып отырмыз. Аса қадірлі Бибігүл Ахметқызы, ғажайып дауысыңызбен қазақ ән өнерін биікке көтеріп, ұлттық мәдениетіміздің асыл мұрасын әлемге танытуда қосқан үлесіңіз елден ерен. Сізге мықты денсаулық, баянды ғұмыр тілейміз. Алдағы уақытта да өнеріңізден нәр алып, жастарымыз сіздің еңбек жолыңызды үлгі етеді деп сенеміз", – деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.