Еуропа архивтерінен қазақ хандығына қатысты жәдігер табылды

2 393

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

© ҚР Ұлттық музейі қорынанҰлыбритания, Франция мен Швейцария архивінен Қазақ хандығының қалыптасу тарихына қатысты жәдігерлер табылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

 Арнайы экспедицияның нәтижесі туралы бүгін Жошы ұлысының 800 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференцияда айтылды. Ғалымдардың мәлімдеуінше жәдігерлер Шыңғыс ханнан тараған ұлыстың тарихы мен Қазақ хандығының құрылу кезеңі туралы тың дерекке жол ашады. Еуропа елдерінің мұрағаттарында ескі карта, қол-жазбалар, Алтын Орда монеталары және ғылыми қолданысқа, алғаш рет енгізілгелі отырған дүниелер бар. Шығыстанушылар, күншығыс елінің мұрағаты да маңызды,-дейді. Себебі түр-кология ғылымы, Жапонияда жақсы дамыған. 

Меруерт Әбусейітова, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы тарихи материалдарды зерттеу орталығының директоры: - Біз қазір осы артефактердің көшірмелерін алу жөнінде сөйлесіп жатырмыз. Мысалы, ханның киіз үйіне ілінетін барқыттан жасалған әдемі түскілем бар. Ал мынау жасыл түсті атлас түскілем жауынгерлердің киіз үйінде тұрады. Мұны мен әскери боз үй деймін. Бұл жерде Қазақ хандығының қауіпсіздігіне байланысты мәселелер талқыланып отырған.  
  Дүкен Мәсімханұлы, Р.Б. Сүлейменов атындағы шығыстану институтының бас директоры: - Түркология ғылымы жақсы дамыған, өркендеген елдің бірі - Жапония. Біз енді алдағы жылдарда осы Жапониядағы түркология, түркологиялық деректер, осы Қазақ хандығының тарихына, одан бері қазіргі Орта Азияға қатысты да зерттеулерді алып келу бағытында арнайы ғылыми жоба қарастырып отырмыз.





OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.