Қонаевта қазақ тілінде жазылған алғашқы Брайль қарпіндегі еңбек жарық көрді

2 673

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Алматы облысының әкімдігіБүгін Алматы облысында тарих беттерінде қалатын ерекшебір шара өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.







Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен елімізде тұңғыш рет әлемді саусақ ұшымен танитын балаларға арналған брайль қарпінде "Айналайын" атты әңгімелер және өлеңдер жинағы жарық көріп, оның тұсауы Қонаев қаласында кесілді. Жоба авторы - "Білте" қоғамдық қорының президенті, елімізге сыйлы қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, ақын - Мақпал Мыса.

Бұл жоба елімізде алғаш рет жүзеге асырылып, көру мүмкіндігі шектеулі балалар үшін қазақ тілінде шығарылған кітаптардың негізі десек болады.

Бұл жинақтарда қазіргі заман жазушыларының балалар әлеміне әсерлі әңгімелері мен ертегілері топтастырылған.  

Жинаққа 22 автордың 15 әңгімесі мен 15 өлеңі еніп отыр. Бір айта кетерлігі - елімізде бұл санаттағы жандарға арналған қазақ тілінде жүйелі және кешенді түрде басылған кітап мүлде жоқтың қасы.

Кітап балалардың көркем ойлау қабілетін шыңдап, бедерлі қаріпті оқу дағдысын дамытуға, рухани-танымдық білімін арттыруға көмектеседі.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.