Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

2 763

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: adebiportal.kzАтырауда қазақ поэзиясының падишасы Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл толуына орай республикалық әдеби-танымдық конференция мен шығармашылық кеш өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Конференцияда белгілі қаламгерлер мен әдебиетшілер қазақ өлеңінде өшпес із қалдырып кеткен ақын шығармашылығы туралы орамды ойларын ортаға салып, өткір өлеңдерін насихаттау бойынша ұсыныс айтты. Ал шығармашылық кеште ақын өлеңдері оқылып, сөзіне жазылған әндер шырқалды. Қазақтың қабырғалы қаламгерлері мұндай іс-шаралардың жастарды тәрбиелеуде маңызы зор екенін айтады.

 Мереке Құлкенов, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы: - Осындай кештер, осындай адамның жан-дүниесін тебірентетін дүниелер біздің кейінгі болашақты тәрбиелейді деп ойлаймын. Мысалы, Мұқағали оқулары бар, Әбіш Кекілбаев оқулары деген көптеген оқулар бар. Ол Оқу министрлігінің құзырындағы нәрсе. Фариза оқуларын да бүкіл Қазақстан бойынша енгізетін уақыт жетті. Бұл біздің болашақтағы жастарды тәрбиелеуімізге керек нәрселер.





OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.