Абай облысында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар басталды

2 692

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігіАбайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Биыл ойшыл ақынның мерейтойымен қатар хакім мұрасын кең көлемде насихаттап, айшықты тұлғасын танытып келе жатқан қара шаңырақ – Абай музейінің 85 жылдық мерейтойы да қатар аталып өтпек.

Іс-шара аясында «Абай әлемдік ойдың алыбы» және «Абай бейнелеу өнерінде» тақырыптарындағы көрмелердің тұсауы кесілді.

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнер мекемелерінің қызметкерлері қатысты.

Сондай-ақ, іс-шараға жиналған көпшілік Абай атындағы музыкалы-драма театрының «Жаза-Наза» трагедиясынан үзіндіні тамашалады.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.