Астананың жоғары оқу орындарында қайырымдылық пен волонтерлік тақырыбында дәріс басталды

2 702

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігіҚазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі студент жастардың қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық пен гуманизм құндылықтарын қалыптастыруға және дамытуға арналған ашық дәрістер циклін бастады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Осы бастама аясында еліміздің жоғары оқу орындарында қайырымдылық және волонтерлік ұйымдардың басшылары дәріс оқиды. Олар өз тәжірибелерін бөлісіп, волонтерлік істің маңызы туралы әңгімелейді.

Дәріс Астанада басталып, оқу жылының соңына дейін еліміздің барлық өңірлерін қамтиды.

Айта кету керек, Қазақстанда 755 волонтерлік ұйым, 2 мың бастамашыл топ және 275 мың белсенді волонтер жұмыс істейді. Олардың ішінде 3,5 мың «күміс» волонтер яғни, 55 жастан асқан ерікті бар.

Өткен жылдың өзінде «Игі істер марафоны» жобасы аясында 7 000 игі іс жасалып, оған 50 мыңға жуық адам қатысты.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.