Алматыда Ескендір Хасанғалиевке арналған кітаптың тұсаукесері өтті

2 726

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігіҚазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында қазақтың музыка мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан даңқты композитор, әнші Ескендір Хасанғалиевтің өмірі мен шығармашылығына арналған Біржан Хасанғалиевтің «Ескендир Хасангалиев. Жизнь в музыке. Музыка в жизни» атты кітабының тұсаукесері өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Іс-шараға қазақ өнерінің майталмандары, белгілі музыканттар, орындаушылар, Ескендір Хасанғалиевтің отбасы мен жақындары, кітап авторының әріптестері мен достары қатысты.

Кітап 11 тараудан тұрады. Онда композитордың өмірі мен шығармашылық жолының әрбір кезеңі бүкпесіз баяндалған. Сонымен қатар кітапқа оның естеліктері мен фотосуреттері,

әндері мен романстарының толық тізімі енген.

Іс-шара аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасың қорынан «Ән болып жеткен Есаға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне кітапхана қорындағы композитор әндері мен романс ноталары, музыкалық жинақтары және естеліктер мен суреттері қойылған.


 


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.