2025 жылдың басынан бері елімізде қанша фильм түсірілді

2 278

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: pexels.comҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті осы жылы елде түсірілген фильмдерге қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

- Биыл мемлекеттің қолдаумен Кино орталығы арқылы 15 киножоба түсірілімге жіберілді, - делінген Мәдениет комитетінің мәлімдемесінде.

Олардың ішінде:

8 көркем фильм: «Ақжелең», «Бүркітші», «Дни», «Кенжем қайда?», «38», «Тревожная ночь», «Сағындым сені», «Мұғалім»;

2 деректі фильм: «Венера. Баладан – бақ, қамыстан – құт», «Батыл бол»;

3 анимациялық фильм: «Адамзатқа іздеу саламын», «Жібек», «Команда А.».

Сонымен қатар, түсірілімде өткен жылдан өтпелі 2 киножоба бар, яғни «Победителей видно на старте» (бірлескен жоба) көркем фильмі, «Алан туралы аңыз» анимациялық фильмі бар.

- Қазірге дейін жоғарыда аталған 5 көркем фильмнің түсірілім жұмыстары бітіп, олардың толық аяқталу мерзімі 2026 жылға жоспарланған. Сонымен қатар 1 деректі фильмнің түсірілімі толық аяқталып, қалған киножобалар әлі өндірісте, - деп аталып өткен ведомство ақпаратында.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.