«Kóshpendiler áýeni» ІІ халықаралық этникалық музыка фестивалі өтеді

2 265

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Виктор ФедюнинАстанада II Халықаралық этникалық музыка фестивалі өтеді. Бұл фестиваль — этникалық музыка саласындағы үздік орындаушылардың басын қосып, тәжірибе алмасуға, шығармашылық байланыс орнатуға және ұрпақтар сабақтастығын дамытуға бағытталған маңызды мәдени жоба, бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

2025 жылғы 18–19 қазан күндері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерттің»ұйымдастыруымен «Kóshpendiler áýeni» II Халықаралық этникалық музыка фестивалі өтеді. 

Іс-шараның мақсаты — ұлттық және түркі әлемінің музыкалық мұрасын кеңінен насихаттау, жас орындаушылардың көркемдік талғамы мен рухани құндылықтарын қалыптастыру.

Фестиваль аясындағы концерттік бағдарламаларда көрермендер түркі халықтарының бай музыкалық дәстүрін жаңа қырынан танытатын шебер орындаушылардың өнерін тамашалай алады.

Сондай-ақ, дала әуендерінің классикалық үлгілері мен заманауи интерпретациялары, халық әндерінің жаңа өңделген нұсқалары, ұлттық аспаптарға арналған шығармалар және тың орындаушылық формалар ұсынылады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.