Майра Мұхамедқызы Парижде Қазақстан егемендігінің 35 жылдығына арналған концерт өткізді

2 558

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Сыртқы істер министрлігіҚазақстанның Халық әртісі, опера әншісі-сопрано Майра Мұхамедқызы Францияның Париж қаласында жеке концертін өткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Сонымен қатар концерт әншінің шығармашылық қызметінің 30 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді.

Майра Мұхамедқызының кәсіби жолы дәл осы Парижде басталған. Ол кезінде әлемге әйгілі Бастилия опера театрының солисті болып, кейін Страсбург, Бордо, Ренн және Авиньон қалаларының сахналарында өнер көрсеткен. Жиырма жылдан соң әнші француз тыңдармандарына дүниежүзілік опера сахнасының жұлдызы ретінде қайта оралды.

Кеш бағдарламасына француз, итальян, орыс, қытай және қазақ классикалық музыкасының туындылары енді. Көрермендер ерекше ықыласпен қарсы алған шығармалар қатарында «Біржан сал», «Ер Тарғын» және «Абай» операларынан ариялар, сондай-ақ әншінің орындауындағы қазақтың халық әндері болды.

«Сахна төрінде Майра Мұхамедқызымен бірге пианист А. Өтөтлеу және Шымкент қалалық опера және балет театрының квартеті өнер көрсетті. Олардың шеберлігі әрбір туындыға ерекше эмоциялық әсер сыйлады», – делінген Сыртқы істер министрлігі хабарламасында.

Француз тыңдармандары концертті зор ықыласпен қарсы алып, әрбір орындауды ұзақ қол шапалақпен құрметтеді.

Кештің құрметті қонақтарының қатарында Қазақстан мен Францияның мәдениет және өнер қайраткерлері, дипломатиялық корпус пен іскер топтардың өкілдері, сондай-ақ Париждің 8-округінің әкімі Жанна д’Отсер болды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.