«Қош бол, Қожа...»: Димаш қазақ халқына көңіл айтты

2 533

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: gov.kzХалық әртісі, әнші Димаш Құдайберген белгілі актер Нұрлан Сегізбаевтің өмірден өтуіне байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Димаш Құдайберген Нұрлан Сегізбаевтің «Менің атым Қожа» фильмінде басты рөлді сомдаған бейнесі балалық шақтың жарқын естелігі екенін атап өткен.

«Қош бол, Қожа. Балалық шағымыз үшін рақмет. Жаныңыз жәннатта болсын, Нұрлан аға», - деп жазды Димаш.

Нұрлан Санжарұлы – қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан тұлға. Ол өз ғұмырын шығармашылыққа, ұлттық руханиятқа арнап, кейінгі ұрпаққа өнеге болатын мол мұра қалдырды. 

Өнерсүйер жұртшылыққа әлі күнге құндылығын жоймай келе жатқан Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» фильміндегі басты рөлімен танымал өнер иесі қазақ кино өнеріндегі дара тұлға болды. Оның экранда жасаған көркем бейнелері отандық өнер тарихында айрықша орын алады. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.