Танымал актер Мұрат Бисенбин өмірден өтті

2 520

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: instagram.com/jemappelledaliБелгілі қазақстандық актер Мұрат Бисенбиннің дүниеден өткені белгілі болды. Қаралы хабарды оның қызы әлеуметтік желі арқылы жеткізген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Марқұм 1972 жылғы 11 қазанда дүниеге келген. Ол 2026 жылғы 8 қаңтарда өмірден озды.

Актердің қазасы өнерсүйер қауым мен әріптестері арасында үлкен қайғыға айналды. Әлеуметтік желі қолданушылары марқұмның отбасына көңіл айтып, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

Мұрат Бисенбин қазақ киносы мен театр өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған актер ретінде көрермен жадында сақталады.

Марқұмның жаназасы мен жерлеу рәсімі туралы ақпарат кейінірек хабарлануы мүмкін.

 

 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.