"Уақыт келді!". Димаш маңызды мәлімдеме жасады

2 557

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: instagram.com/dimash.kudaibergenАты әлемге танылған Димаш Құдайберген 29 қаңтарда Instagram-дағы парақшасында жазба жариялап, Қазақстан шоу-бизнесін халықаралық дәрежеге шығаратын кез келгенін жеткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Сөйткен әнші көпшілікті Voice Beyond Horizon халықаралық музыкалық реалти-шоуын қолдауға шақырды.

"Қазақстан шоу-бизнесін халықаралық дәрежеге шығаратын кез келді. Біз енді көрермен емеспіз. Біз — сахнамыз. Индустриямызды, туризмды, экономикамызды шоу бизнес арқылы көтеруге дайынбыз. Осы байқауда жаңа есімдер, жаңа сапа, жаңа көзқарас туады. Бұл шоуды көру — жай көрермен болу емес, Қазақстан шоу-бизнесінің жаңа дәуірін қолдау. Әлем бізді тек талантты деп емес,ықпал ететін мәдени хаб ретінде тануы керек. Сол мүмкіндікті бірге жасайық. Сіздерден тек @voicebeyondhorizon парақшасына тіркеліп әлеуметтік желілерден қолдау ғана күтеміз. Жаңа қадам құтты болсын", - деп жазды Димаш желіде.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.