Медиаторларды оқыту бағдарламаларының тізімі бекітілді

2 514

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігіАстанада Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жанынан құрылған медиаторлар ұйымдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өткен,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Жиынға Кеңес мүшелері мен уәкілетті органға қарасты медиаторлар ұйымдарының өкілдері қатысты. Отырыста жаңа Конституция жобасы талқыланған. Қатысушылар Ата заңның жаңартылған нормалары қоғамдағы маңызды сұраныстарға жауап беріп, тұрақты дамудың институционалдық негізін қалыптастыратынын атап өтті.

Сонымен қатар медиаторларды даярлау және оқыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жаңартылған қағидаларға сәйкес, оқыту құқығы тек Үйлестіру кеңесі мақұлдаған оқу бағдарламалары бар ұйымдарға ғана беріледі.

Айта кетсек, жиында 11 медиаторлар ұйымының оқу бағдарламалары бекітілді. Олардың қатарында Халықаралық құқық қорғау орталығы, Халықаралық медиация орталығы, «Альянс Успеха», «Парасат» медиаторлар мен заңгерлер қауымдастығы, «Pactum» медиация және келіссөздер орталығы, «Tatulas» медиация орталығы, ҚР Медиаторлар қауымдастығы, Қарағанды облысының кәсіби медиаторлар қауымдастығы, «Адам және Құқық» медиаторлар мен заңгерлер одағы, «Содействие и право» құқықтық көмек және медиация орталығы, сондай-ақ International bureau of mediation ұйымдары бар.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.