Елімізде бірыңғай ұлттық электронды кітапхана құрылады

2 509

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото; Opennews.kz ЖИҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Кітап ісі басқармасының басшысы Алмаз Мырзахмет кітапхана саласында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Opennewskz  ақпарат агенттігі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ол Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын еске салды.

— Аталған Жарлықтағы іргелі тапсырмалардың бірі — бірыңғай ұлттық электрондық платформа құру. Қазақстандағы барлық кітапхана жүйесін біріктіретін электронды кітапхана құруымыз тиіс. Онда бірыңғай оқырман билеті, бірыңғай каталог болады. Соның арқасында кез келген облыстағы кітапханада қандай кітаптардың неше данасы бар екенін және оларды оқырмандар неше рет алғанын т. б. деректерді онлайн жүйеде білуге болады. Сонымен бірге, электронды кітапханаға қаламгерлер де өз кітаптарын ұсынуына мүмкіндік беріледі. Бұл жоба дайындалып, Үкіметке іске асыру тетіктері жіберілді, — деді Алмаз Мырзахмет.

Сонымен қатар, Абай шығармашылығына айрықша мән беріліп, ақынның туындылары бұл жобаға жеке бір модуль ретінде енгізілетінін атап өтті.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.