Джеки Чан түскен халықаралық фильмнің Қазақстандағы түсірілімі аяқталды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қазақстанда «Доспехи Бога. Ультиматум» халықаралық киножобасының түсірілімі аяқталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, түсірілім Алматыда, Алматы және Маңғыстау облыстарында өтті. Басты рөлді сомдаған Джеки Чан Қазақстандағы түсірілім жұмыстары туралы айтып, осы жобаның ерекшелігіне тоқталды.
Қатысушылар шетелдік түсірілім топтарын қызықтыратын табиғи аймақтарды атап өтіп, Қазақстанда халықаралық киножобаларды көбейтудің жолдарын талқылады.
Фильм халықаралық прокатқа шығады.
Қаз
Рус






