Белгілі айтыскер ақын Надежда Лушникова өмірден өтті

2 507

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Қазақстан жазушылар одағынанҚазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі айтыскер ақын Надежда Лушникова 86 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Қаралы хабарды Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі таратты, - деп хабарлайды   Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Надежда Лушникова 1940 жылы 22 қарашада Алматы облысының Шамалған ауылында дүниеге келген. Қазақ ортасында өсіп, қазақ мектебінде білім алған.

1961 жылы Қызылордадағы Мәншүк Мәметова атындағы педагогикалық училищені, ал 1969 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін тәмамдаған.

Надежда Лушникованың есімі қазақтың айтыс өнерімен тығыз байланысты. Ол 1963 жылы Қызылордада өткен облыстық айтыста жүлделі орын иеленген. Шымкенттік ақын Қалдыбек Әліқұловпен сөз сайысы режиссер Т. Дүйсебаевтың «Айтыс» фильміне түсірілген.

Кейін 1965 және 1978 жылдары Жамбыл ауданында, 1977 және 1979 жылдары Алматы облысында өткен айтыстарға қатысып, жеңіске жеткен.

Ақынның өмір жолында қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғаларымен байланысты ерекше оқиғалар да бар. Надежда Лушникова бала кезінде Жамбыл Жабаевтың батасын алғанын естеліктерінде айтқан. Сондай-ақ оның ақындық қабілетін Асқар Тоқмағамбетов жоғары бағалаған. Ал Мұхтар Әуезов жас ақынның қазақ тілінде жазған өлеңдеріне сүйсінген.

Надежда Лушникова шығармашылықпен қатар ұстаздық және редакторлық қызмет атқарды. 1963–1985 жылдары газетте әдеби қызметкер, баспада редактор, мектепте мұғалім болып еңбек еткен. 1985 жылдан бастап Жамбыл ауданындағы Үмбетәлі Кәрібаев атындағы музейді басқарған.

Ақынның алғашқы өлеңдері 1958 жылы Қызылорда облыстық «Ленин жолы» газетінде жарық көрді. Кейін «Елім менің» (1962) және «Көңіл хошы» (1970) атты жыр жинақтары басылып шықты. «Көңіл хошы» жинағы үшін Қазақстанның Ленин комсомолы сыйлығына ие болған.

Надежда Лушникова – Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Алматы облысы Жамбыл ауданының құрметті азаматы. Ол «Құрмет» орденімен және «Тіл жанашыры» сыйлығымен марапатталған.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.