Белгілі ақын Надежда Лушникова дүние салды

2 502

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

фото: жеке мұрағатҚазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі ақын, айтыскер Надежда Лушникова 86 жасқа қараған шағында өмірден өткен,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы жазушы Исмаилжан Иминов жеке парақшасында жазған.

«Бірегей тұлға, есімі қазақ сөз өнерін қадірлейтін жұртшылыққа көзі тірісінде-ақ аңызға айналған көрнекті ақын, суырыпсалма өнердің шебері Надежда Лушникованың 86 жасында дүниеден өткенін хабарлау үшін қалам алып отырмын. Талантты ақынның, тамаша адамның, аяулы ана мен ардақты әженің жарқын бейнесі туған-туыстарының, достары мен жерлестерінің жүрегінде мәңгі сақталады. Оның есімі мен шығармашылығы қазақ әдебиетінің тарихында да өшпес із қалдырады», – деп жазды ол.

Надежда Лушникова 1940 жылғы 22 қарашада Алматы облысында дүниеге келген. 1961 жылы Қызылордадағы Мәншүк Мәметова атындағы педагогикалық училищені, ал 1969 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық институтының филология факультетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген.

Ол өлең жазумен қатар, суырыпсалма ақындығымен де танылған. 1963 жылы Қызылордада өткен облыстық айтысқа қатысып, жүлделі орынға ие болған. Сондай-ақ Шымкенттік ақын Қалдыбек Әліқұловпен сөз сайысы режиссер Т. Дүйсебаевтың «Айтыс» фильміне арқау болған. Кейінгі жылдары аудандық және облыстық айтыстарға тұрақты қатысып, бірнеше рет жеңімпаз атанған.

1963-1985 жылдары газетте әдеби қызметкер, баспада редактор және мектепте мұғалім болып жұмыс істеген. Ал 1985 жылдан бастап Жамбыл ауданындағы Ү. Қарибаев атындағы музейді басқарған.

Надежда Лушникованың алғашқы өлеңдері 1958 жылы Қызылорда облыстық «Ленин жолы» газетінде жарық көрді. Кейін «Елім менің» (1962) және «Көңіл хошы» (1970) атты жыр жинақтары басылып шықты.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.