Фицуильям мұражайында ежелгі сақ қорғандарынан табылған алтын артефактілер қойылды

752

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Кембридж университетінің Фицуильям мұражайында «Ұлы дала алтыны» көрмесі ашылды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Көрмеде Берел, Шілікті және Елеке Сазы сияқты үш түрлі қорымнан шыққан жүзге жуық археологиялық олжалар қойылған.

Экспозиция ежелгі сақтардың көшпелі мал шаруашылығы, тау-кен өндірісі және металлургия салаларында бірегей мәдениеті мен терең білімі болғанын көрсетеді. Бұл кезеңді ежелгі қазақтар тарихындағы «алтын ғасыр» деп те атайды. Ең бағалы экспонаттардың бірі – киімдері 15 000 алтын заттан тұратын «Алтын адам».

Алтын артефактілер еуропалық аудиторияға бұл алғаш рет ұсынылып отыр. Оларды британиялық бұқаралық ақпарат құралдары халықаралық археологиялық сенсация деп атап, шара туралы жарыса жазып, таспаға түсіріп жатыр. Көрмеге кіру тегін. Экспозиция Фицуильям мұражайында келер жылдың 30 қаңтарына дейін өтеді.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.