Қазақстандық студент ресейлік әншілердің хитіне кавер жасап, қос платина дискісін алды

319

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қарағандылық студент Slava Marlow & Morgenshtern-нің «Быстро» хитіне кавер жазғаны үшін қос платина дискісіне ие болды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің 4-курс студенті Арыстан Әбілдин өткен жылдың қорытындысы бойынша шығармашылық табыстары және Slava Marlow & Morgenshtern-нің «Быстро» хитіне кавер рекордтық көрсеткішпен, дәлірек айтсақ 45 млн рет тыңдалғаны үшін қос платина дискісін алды.

«Быстро» әні 45 миллион тыңдауды жинап, қос платина дискісін алды. Кезінде мен әншілер осындай марапаттар алып жатқанын көріп, ондай сыйлыққа ие болуды тек армандаушы едім. Күндердің бір күнінде өз жұмысым үшін платина аламын деп елестете алмадым. Мені қолдағандарыңыз үшін баршаңызға алғыс айтамын», – деп жазды Арыстан өзінің Instagram парақшасында.

Платина дискісі – сатылған көшірмелер санына байланысты берілетін музыкалық альбом мәртебесі.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.