Түркістан өңірінің туризмін халықаралық деңгейде насихаттау керек

621

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Түркітілдес 5 мемлекеттің әншілері еліміздегі Түркістан өңірінің туризмін насихаттады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Түркістан облысы туризм басқармасының қолға алуымен жүзеге асқан жобаға түркітілдес 5 мемлекеттің әншілері қатысты. Атап айтсақ, олардың ішінде белгілі әнші, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген әртісі – Мирбек Атабеков, өзбекстандық танымал актриса, әнші әрі тележүргізуші – Ситора Фармонова, атақты әншілер Амиль Мамедов (Әзірбайжан) пен Серен Узун (Түркия) және қазақтың ұлттық өнерін насихаттап жүрген азамат Алексей Лодочников бар.

«Tourism kz» телеарнасы ұйымдастырған реалити-шоуға қатысушылар Түркістан облысының маңызды туристік орындарын аралады. Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен көне Сауран, Отырар қалашықтарының тарихына бойлады.


Сонымен бірге «Керуен сарай» кешені мен Ақмешіт үңгірін көрді. Тікұшақпен «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығына саяхат жасады. Бұл реалити-шоу Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі туризмін дәріптеуге, шетелдіктер үшін Түркістан облысының ұлттық тарихи-мәдени құндылықтарын насихаттауға, Түркі тілдес мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды, мәдени байланыстарды нығайтуға арналған. 

Дода қатысушылары өз жанкүйерлері мен тындармандарына Түркістан облысының тарихи орындарын таныстырды. Олар рухани астанаға туристердің көптеп келу бастамасын көтерді.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.